Новость:: 

2019 жылғы 11 шілдеде Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс  бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Мырзабековтің төрағалығымен басқарма басшысының орынбасары  И.Махшатов, бөлім басшылары және мамандарының қатысуымен мәжіліс өткізілді. Күн тәртібіде  2019 жылдың  I-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары қорытындылау және 2019 жылдың 3 тоқсанында жүзеге асырылатын негізгі міндеттері талқыланды.

Басқарма басшысының орынбасары И.Махшатов Басқарманың негізгі функцияналдық міндеттері бойынша 2019 жылдың І- ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы баяндама жүргізді.

Әкімшілік- құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы И.Турасилованың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған шаралар туралы хабарламасы және обылыс әкімінің аппараты басшысының орынбасары С.Шотаевтың «Республика бойынша маусым-шілде айларында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы» баяндады.

Әкімшілік- құқықтық жұмыстар бөлімінің қызметкері А.Жалғастың басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің сақталу жағдайы туралы хабарлады.

Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс  бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Мырзабеков жиын сонында басқарма басшыларына (И.Турасилова, Н.Баймаханов, Ғ.Қайназаров, М.Әліп) өздері жетекшілік жасайтын бөлімдерге өтініштерді қарау нәтижесімен берілетін жазбаша жауаптарда өтініште көтерілген барлық мәселелердің қамтылуын, жауапты нақты және толыққанды болуын ескертіп, орындалуын басқарма басшысының орынбасары И.Махшатовқа тапсырды.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 12-07-2019 17:44
Жаңартылған күні: 12-07-2019 17:15

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
6 + 10 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика