БЕКІТЕМІН

                                                                                                                                                                        Қызылорда  облысының

                                                                                                                                                                               мемлекеттік сәулет-құрылыс

                                                                                                                                                                                бақылауы  басқармасының  

                                                                                                                                             басшысы

                                                                                                                             _____________ М. Р. Молдабаев

 

                                                                                                                                                                                « ___ » ____________ 2019 жыл

 

Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2019 жылға арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

Р/с

Іс-шаралар атауы

Орындалу мерзімі

Жауапты

орындаушылар

Орындау  тәсілі

1

2

3

4

5

1.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік кірістер органына 2018 жылғы табыстары мен алынған мүліктері туралы декларация тапсыруын қамтамасыз ету.

1 тоқсан

Е.Бердібаев

А.Жалғас

Тапсырған декларациялары туралы мемлекеттік кірістер органы берген анықтамаларын жинақтап, қызметкерлердің жеке істеріне тіркеу, нәтижесін басқарма басшысына баяндау.

2.

Басқарманың бекітілген штат лимиті бойынша босаған орындарға қажетті кадрлармен толық жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында қызметке таңдау, орналастыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.

Жыл көлемінде

Е.Бердібаев

А. Жалғас

Басқармаға қажетті мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарына қызметке қабылдау.

3.

Қызметке алғаш рет қабылданып, арнайы тексерудің оң қорытындысын алған мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Ант қабылдауын ұйымдастыру.

Жыл көлемінде

Е.Бердібаев

А. Жалғас

Мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде Ант қабылдауын өткізу.

4.

Басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін және құқықтық сауаттылығы денгейін арттыруға арналған құқықтық оқудың жоспары бойынша құқықтық сабақтардың өткізілуін ұйымдастыру.

Тоқсан сайын

Е.Бердібаев

Ә.Ердалиев

Лекциялар, өткізілген құқықтық сабақтардың хаттамалары.

5.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу және қарау жағдайына талдау жасау. Қажеттілігіне қарай мәжілісте талқылау.

Тоқсан сайын

Е.Бердібаев

А.Жалғас

Талдау жасау, басқарма басшысына баяндау, қажеттілігіне қарай мәжілісте талқылау.

6.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің 2019 жылға арналған жеке жоспарларын жинақтау, орындалуына бақылау жасау.

Жыл көлемінде

Е.Бердібаев

А.Жалғас

Қызметшілердің жеке жұмыс жоспары.

7.

Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін тағылымдамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру.

Әр жарты жыл сайын

Е.Бердібаев

А.Жалғас

 

Тағылымдама құжаттары.

8.

Басқарма қызметкерлері арасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу шараларын жүргізу және есебін уәкілетті органға тапсыру.

Ай сайын

Е. Бердібаев

А. Әбдірахман

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырлушылардың есебін ай сайын Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына ұсыну.

9.

Басқарма қызметкерлерінің тоқсандық және жылдық бағалау жұмыстарын ұйымдастыру, нәтижесі туралы облыс әкімі аппараты мен ҚР мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне ақпарат жолдау.

Ай сайын

Е.Бердібаев

А.Жалғас

Бағалау құжаттары және ақпараттық хаттар.

10.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау алдын-алу мақсатында мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және лицензиялау және аттесттау бөлімдеріне ішкі талдау жүргізу.

Әр жарты жыл сайын

Е.Бердібаев

Ә.Ердалиев

Басқарманың құрылымдық бөлімшесіне ішкі талдау жүргізіп, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолдау.

11.

Басқарманың әкімшілік-құқық бұзушылық айыппұлдары салынған, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлерін анықтап отыру, нәтижесімен тиісті шаралар қолдану.

Тоқсан сайын

Е.Бердібаев

Ә.Ердалиев

Анықталған жайттарды басшылыққа баяндап, тиісінше алдын-ала шараларын ұйымдастыру.

 

ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ БӨЛІМІ

 

12.

Басқармада лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау шараларын жүзеге асыру және оның сапасына мониторинг жүргізу.

Ай сайын

Н. Баймаханов

А. Абдуллаев

Атқарылған жұмыстардың есебін ай сайын Қызылорда облысының әкімдігіне ұсыну және облыс әкімдігінің kyzmet.orda.gov.kz сайтына есептік ақпаратты енгізу.

13.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызмет атқаруға мемлекеттік лицензия алған (қайта ресімделген) заңды және жеке тұлғалардың есебін жүргізу.

Тоқсан сайын

Н. Баймаханов

А. Абдуллаев

Ш. Ботабаев

Лицензиялық алым төлемдері есебі мен ақпаратын әзірлеп, мемлекеттік кірістер органдарына жолдау.

14.

 

 

Мемлекеттік лицензия алған заңды және жеке тұлғалардың, аттестат алған сарапшылардың реестрін жүргізу.

Ай сайын

Н. Баймаханов

А. Абдуллаев

Ш. Ботабаев

Б. Қожаберген

Лицензиаттар мен сарапшылардың реестрлерін әзірлеп, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жолдау.

15.

2016 жылғы 2 қарашадағы № 466 бұйрығының 2-тармағын орындау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтердің (3,4,5-қосымшаларға сәйкес) есебін жүргізу.

Ай сайын

Н. Баймаханов

А. Абдуллаев

Ш. Ботабаев

Б. Қожаберген

Есептік ақпаратты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жіберу.

16.

Басқарманың лицензиялау және аттестаттау саласы бойынша жалпы  атқарған жұмыстары туралы есебін жүргізу.

Ай сайын

Н. Баймаханов

А. Абдуллаев

Басқарманың Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөліміне мәлімет беру.

17.

Берілген лицензиялар және аттестат-тардың нақты саны бойынша есебін жүргізу.

Ай сайын

Н. Баймаханов

А. Абдуллаев

Ш. Ботабаев

Б. Қожаберген

Есептік ақпаратты әзірлеу, www.arm.elicense.kz порталына енгізу.

18.

Басқарманың ресми интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты мен регламент жобаларының және бекітілген нормативтік құқықтық актілердің орналасуын қадағалау (бекіту мерзімдерінің сақталуы, талдануы).

Үнемі

Н.Баймаханов

А. Абдуллаев

Есептік ақпаратты ОӘА Электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөліміне жолдау.

19.

Жеке және заңды тұлғалардың сәулет-құрылыс қызметі саласындағы жекелеген жұмыс түрлерімен айналысу үшін тапсырылған құжаттарын ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына және ҚР Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №136 бұйрығымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің» талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында облыс аудандарына іс-сапарға шығу

Ай сайын 2 реттен

Н. Баймаханов

А. Абдуллаев

Іс-сапар куәлігін басқарманың есепшісіне тапсыру

МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ

20.

Қызылорда облысындағы объектілер

құрылысының сапасына мемлекеттік  сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын  жүргізу.

Үнемі

Бөлім басшысы,

бөлім қызметкерлері

Бекітілген объектілер бойынша

іс-сапарға шығып тексеру

жұмыстарын жүргізу, нәтижесі

бойынша анықтама әзірлеп,

басқарма басшысына ұсыну

21.

Басқармаға www. elicense.kz  порталы арқылы түскен құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатындығы  жөніндегі  түскен  хабарламаны өңдеу.

Үнемі

Р. Чингисова

3 жұмыс күні ішінде хабарламаның дұрыс толтырылғандығын тексеру, қабылдау бөліміне тіркеуге жолдау немесе кері қайтару

22.

Техникалық қадағалаушылардың объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есебінің ай сайынғы электрондық нұсқада тапсырылуын қамтамысыз ету және жинақтау.

Ай сайын

Ә.Әмір

Техникалық қадағалаушылардың есебін қабылдау, қабылдау бөліміне тіркеуге жолдау және бөлімнің инспекторларына ұсыну

23.

Техникалық  қадағалаушылардың ай сайынғы есебінің  шынайылығына бақылау жасау.

Ай сайын

Бөлім басшысы,

бөлім қызметкерлері

Техникалық қадағалаушылардың есебі бойынша құрылыс объектісіне тексеру жұмыстарын жүргізу

24.

Субъектіге (объектіге) бару арқылы

профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу.

Қажеттілігіне

қарай

Бөлім басшысы,

бөлім қызметкерлері

2018 жылдың I-жартыжылдығына бекітілген кесте бойынша

25.

Басқармаға келіп түскен құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы жөніндегі хабарламаларды және  пайдалануға берілетін нысандардың қабылдау актілерін,

нұсқамаларды және тексеруге жүргізуге хабарламаларды тіркеу және нқмер беру. (электронды, журналға).

Қажеттілігіне

қарай

Б. Сарсенбаева

Есебін жүргізу

26.

Халыққа қызмет көрсету орталығынан түскен

пайдалануға берілетін нысандардың

қабылдау актілерінің шынайлығын тексеру, техникалық қадағалаушылардың берген

есебімен салыстыру және қорытындысымен

жауап беру.

Қажеттілігіне

қарай

Бөлім басшысы,

бөлім қызметкерлері

Қабылдау актісін қараған қорытындысымен Халыққа қызмет көрсету орталығына жауап беру.

27.

Тексеру тағайындау актісін  электрондық

нұсқада тіркеу және жолдау.

Қажеттілігіне

қарай

Ә.Әмір

ЕСП бағдарламасы арқылы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша  басқармасына жолдау

28.

Облыс көлемінде салынып жатқан

(салынуы белгіленген)  объектілер мен кешендерге  мониторинг жасау және «Мемсараптама» РМК тізімі бойынша

ақпарат ұсыну.

Ай сайын

Р.Чингисова

ҚР инвестициялар және даму

министрлігінің Құрылыс және

тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері комитетіне мониторинг нәтижесі мен

«Мемсараптама» РМК

тізімі бойынша ақпарат жолдау

29.

Бөлімге келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың арыз шағымдарына

уақытылы жауап беру.

Үнемі

Бөлім басшысы,

бөлім қызметкерлері

Жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу, қажет болған жағдайда нұсқама беру немесе

әкімшілік шара көру және әкімшілік сотқа қатысу

30.

Бөлімнің атқарған жұмыстарының есебін

әзірлеп, слайд дайындау.

Ай сайын,

тоқсан сайын

Бөлім басшысы,

бөлім қызметкерлері

Басқарма басшысына ұсыну

31.

Мемлекеттік органдардан келіп түскен хаттарға, хаттамаларға мерзімінде

жауап беру.

Үнемі

Бөлім басшысы,

бөлім қызметкерлері

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауап беру

ҚҰРЫЛЫС МОНТАЖДАУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАУ

32.

Салынып жатқан құрылыс нысандарында қолданылатын конструкциялардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының  жобалау-сметалық құжаттамалардың және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу.

Үнемі

Бөлім басшысы,

бөлім қызметкерлері

Құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдардың сапасына зертханалық сынақтар жүргізіп, нәтижесімен тиісті шаралар көру.

33.

Құрылыс объектілерінде құрылыс субъектілері тарапынан қолданылатын конструкциялардың, материалдар мен бұйымдардың сапасына қатысты мемлекеттік нормативтердің сақталу жағдайына талдау жасау.

Желтоқсан

М. Әліп

Тоқсан қорытындысымен талдау жасап, басқарма басшысына баяндау.

34.

Басқарманың аккредиттелген сараптама ұйымының құралдары тектес құралдар алынып, аймақта салынып жатқан құрылыс нысандарының құрылыс сапасын зеріттеу

Үнемі

Бөлім басшысы,бөлім қызметкерлері

Аймақта салынып жатқан құрылыс нысандарының пайдаланып жатқан құрылыс материалдарына және сапасына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шешім қабылдауға мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына жолдау.

35.

Субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге белгіленген жарты жылдық жоспары тізімдегі нысандарға зертханалық  құрал-саймандармен бақылау жүргізу

Қажеттілігіне қарай

Бөлім басшысы,бөлім қызметкерлері

2019 жылдың                              І-жартыжылдығында

бекітілген кесте бойынша

36.

Техникалық қадағалаушылардың объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есебінің ай сайынғы электрондық нұсқада тапсырылуын қамтамасыз ету және жинақтау.

Ай сайын

Е. Әбілтай

Д. Ерланұлы

Техникалық қадағалаушылардың есебін қабылдау, қабылдау бөліміне тіркеуге жолдау

37.

Бөлімге келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың арыз шағымдарына уақытылы жауап беру.

Үнемі

Бөлім басшысы,бөлім қызметкерлері

Жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу, қажет болған жағдайда нұсқама беру немесе әкімшілік шара көру және әкімшілік сотқа қатысу

38.

Бөлімнің атқарылған жұмыстарының есебін әзірлеп, слайд дайындау.

Ай сайын,

тоқсан сайын

Бөлім басшысы,бөлім қызметкерлері

Басқарма басшысына ұсыну

39.

Мемлекеттік органдардан келіп түскен хаттарға, хаттамаларға мерзімде жауап беру.

Үнемі

Бөлім басшысы,бөлім қызметкерлері

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауап беру

 

 

 

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 14-03-2019 17:53

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика