Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары

 

2019 жылғы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қаржыландыру жоспары 81 502,50 мың теңге көлемінде бекітілген.

Атап айтқанда, республикалық бюджет қаражатты есебінен 7 899,00 мың теңге және жергілікті бюджет қаражатты есебінен 73 603,50 мың теңге.

Басқармамен 9 ай қортындысымен жалпы сомасы 58 282,00 мың теңгенің  58 279,00 мың теңге игерілді, яғни 100% пайызға орындалды, қалдық қаржы 2,99 мың теңге.

Бөлінген қаржы мекемедегі 13 мемлекеттік әкімшілік қызметші мен 18 штаттан тыс қызметкерді ұстау шығындарына, жергілікті деңгейде сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мемлекеттік органның аппаратын күтіп ұстауға жұмсалды.

Ағымдағы жылдың 9 айында басқармаға мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 274 хабарлама түсті. Оның 102-і (67-і жаңа құрылыс) бюджет қаражаты есебінен, 172-і жеке қаражатқа салынып жатқан  нысандарға қатысты болды.

Нысандарда құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтіліп, тексеру нәтижелері бойынша құрылыс компанияларына берілген  Нұсқамалардың орындалуын бақылау  тәртібімен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жалпы 179 жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылып, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде 51 нұсқама берілді. Олардың 35-нің  орындалуы қамтамасыз етілсе, 16-ы бойынша сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Үстіміздегі жылың І-ші жартыжылдығында құрылыс нысандарына бару арқылы профилактикалық сипатта тексерілетін 16 кәсіпкерлік субъектісі жоспарға енгізілді, оның 11-і тексерумен қамтылып, анықталған бұзушылықтар бойынша 7 нұсқама берілді. Қалған 5 субъекті құрылыс нысандарының пайдалануға беріліп кетуі себепті тексерілген жоқ.

Сол сияқты, ІІ-ші жартыжылдыққа облыс әкімінің 15.05.2019 жылғы №1020 өкімімен бекітілген тізімге сәйкес 68 объектінің 35-не бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық тексеру  жүргізіліп, нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 27 нұсқама берілсе, 8-і бойынша тексеру жүргізілуде. Қалған 33  объекті жоспарға сәйкес  жыл аяғына дейін тексеріледі.

Есепті мерзімде жүргізілген тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты жалпы 105 әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға 16 млн 822 мың 824 теңге айыппұл салу жазасы қолданылды. 

Салынған әкімшілік айыппұлдардың 11 млн 795 мың 549 теңгесі немесе 70,1%-ы бюджетке нақты өндіріліп, 2 млн 224 мың 525 теңге айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін құжаттары сот актілерін орындау органдарына жолданды. Қалған 2 млн 802 мың 750 теңге айыппұлды өз еркімен төлеуге берілетін заңда белгіленген 30 күн мерзімі бар.

Сонымен бірге, құрылыс саласындағы заңнама талаптарын өрескел бұзған мердігер мекемелерге лицензиясынан айыруға дейінгі қатаң жаза қолдану практикасы да жүзеге асырылуда.

Нақтыласақ, өткен жылы басқармамен қозғалған әкімшілік істер бойынша қабылданған сот актілерінің негізінде 1 құрылыс компаниясына лицензиясынан айыру («Береке ЖШС»), ал 1-не («Ардақ Құрылыс компаниясы» ЖШС) лицензиясының қолданылуын тоқтату жазасы қолданылса, биылғы 9 айда 2-і құрылыс компаниясына лицензиясынан айыру жазасы қолданылды («Проммедконтракт» ЖШС, Баймаханов жеке кәсіпкерлігі).

Сол сияқты, мемлекет қаржысына салынып жатқан объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалуына жол берген 5 техникалық қадағалау сарапшысына әкімшілік айыппұл салумен бірге олардың техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Техникалық қадағалау сарапшыларының жауапкершілігін арттыру мақсатында салаға жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасары М.Делмұхановтың төрағалық етуімен облыс аумағындағы техникалық қадағалау сарапшыларының, тапсырыс беруші бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қатысуларымен 06.09.2019 жылы жиын өткізіліп, онда оларға құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына аса жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Басқармамен көрсетілетін 5 түрлі электронды мемлекеттік қызмет жүйесі «Е-лицензирование» порталына көшіріліп, тұрғындарға 421 қызмет көрсетілді. Оның 184-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 237-і лицензиялауға қатысты болды.

Есепті мерзімде басқарманың кіріс құжаттар айналымы 4633-і құрап, оның 4630-ы орындалған, 3 бақылау тапсырмасы орындалу сатысында. Ал, шығыс құжаттар айналымы 1811-ді құраса, оның 140-ы ішкі құжат айналымын құрады.

Құрылған күні: 19-11-2019 15:24
Жаңартылған күні: 27-11-2019 16:21

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика